Эбола безгегіне шалдыққан америкалық дәрігер жазылып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық дәрігер Кент Брэнтли Либериядағы Эбола безгегіне шалдыққан науқастарды емдеу кезінде індетті жұқтырып алған екен. Ол Атланта штатының ауруханаларының бірінде ем алып, ауруынан құлан таза айыққан, деп жазады Би би си.
None
None

Мәліметтер бойынша, Брэнтли өте қуатты Zmapp дәрісін қабылдаған. Бұған қоса тағы үш науқас дәрігер осы дәріні қолданғаннан бері оңала бастаған.

Алайда, дәріні шығарушы компания бұл дәрінің таусылуға аз қалғанын хабарлаған.

Бүгінгі таңға дейін Эбола 1300 адамның өмірін жалмап үлгерді. Олардың көбі Либерия, Гвинея және Сьерра-Леоне елдерінің азаматтары.

Соңғы жаңалықтар