Эбола безгегінен 2 мыңнан астам адам көз жұмған - ДДСҰ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Африкада өршіп тұрған Эбола індетінен құрбан болғандардың саны 2 мыңнан асты. Бұл туралы Reuters агенттігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Эбола безгегінен 2 мыңнан астам адам көз жұмған - ДДСҰ

Белгілі болғандай, Эбола безгегін 4 мыңнан астам адам жұқтырған. Гвинея, Либерия мен Сьерра-Леонеде қаза тапқандардың саны 2097 адам, сондай-ақ 3 944 адам осы індетті жұқтырғаны белгілі болды. Бұл құрбандарға Нигерия, Сенегал мен Конго Демократиялық Республикасының тұрғындары қосылмаған.