Эбола дертіне шалдыққандар күзетілетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Либерия билігі Эбола вирусына шалдыққандар карантин жағдайында орналастырылған медициналық орталықтарды бақылауды күшейтті. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Бұл шаралар Монровидегі ауруханаға қаруланған адамдардың шабуылы салдарынан емделіп жатқандар клиникадан қашып кеткеннен кейін қабылданып отыр.
Либерияда Эбола індетінен 400-ден астам адам көз жұмды. Жалпы, Батыс Африкада 1 мыңнан астам адам аталған вирустың құрбан болды.