Эбола дертіне шалдықты деген күдікпен оңтүстіккореялық дәрігер Германияға жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьерра-Леонеде жұмыс істеген оңтүстіккореялық дәрігер Германияға емделуге жөнелтілді, деп жазады РИА «Новости».
Дәрігер жергілікті тұрғындарды емдеумен айналысқан. Ол абайсызда науқасқа қолданылған инені денесіне кіргізіп алған. Қазір ол Берлиндегі Шарите клиникасында.
Клиника оның расымен Эбола дертін жұқтырғаны туралы мәлімет таратқан жоқ. Тек науқастың әйел адам екендігі туралы ғана ақпарат бар.