Эбола індеті кесірінен Либерия астанасындағы крематорий мәйітке толды - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Либерия астанасы Монровиде Эбола індетінен қайтыс болғандардың мүрдесін өртеу крематорий қызметкерлері үшін өте қиынға соғып тұр. Онда күніне індеттен қайтыс болған 10 қала тұрғынының денесі жағылады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС France Presseке сілтеме жасай отырып.
None
None

Батыс Африка елдерінің ішінде әсіресе, Либерия халқы Эбола індетінен көп зардап шегіп отыр. Бүгінгі күнде 972 адамға бұл ауру жұғып, оның 576-сы қайтыс болды.

«Крематорий қызметкерлері қайтыс болғандардың денесін ауруханаларға қайтадан қайтарып беруге мәжбүр. Себебі, олар күнде сонша адамның денесін өртей алмайды», - деді Либерия Қайырымдылық бөлімі бас хатшысы Фаях Тамба.

Сонымен қатар, ол бұл мәселені шешуге және елдегі ахуал одан сайын күрделеніп кетпесі үшін халықаралық ұйымдардан көмек сұрады.

Соңғы жаңалықтар