Эбола індеті салдарынан Батыс Африкада 22 мың бала жетім қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гвинея, Либерия мен Сьерра-Леоне елдерінде эбола індетінің салдарынан 22 мыңнан астам бала жетім қалды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
None
None

«Гвинея, Либерия, Сьерра-Леоне мемлекеттерінде шамамен 22 мыңнан астам бүлдіршін ата-аналарының бірінен немесе екеуінен де айырылған. Сәби күнінен орны толмас қазаны көріп, жан-дүниесіне қатты зақым келді. Мыңдаған балалар үшін бұл ауруға деген қорқыныш жақын арада басылмайды. Оларға қолдау көрсете білейік», - дейді Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) Гвинеядағы өкілі Мұхаммед Аг Айойи.

ЮНИСЕФ-тің мәлімдеуінше, бір ғана Гвинеяда 6200-ден астам нәресте ата-анасынан айырылған. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған 519 бала ауыр індеттен көз жұмды. Ал қауіпті аурудан емделгендер саны бұл көрсеткіштен екі есе аз. Бүгінге дейін 230 бала толықтай жазылған.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Гвинея Республикасында эбола ауруының жойылғандығын мәлімдеді. Соңғы науқастың емделіп шыққанына 42 күн болды. Яғни, алғашқы есептеу мерзімі аяқталды. Ендігі кезекте індеттің ел ішіндегі жойылғандығын тереңінен анықтау үшін 90 күндік мерзім жарияланды.

Бүгінге дейін әлем бойынша эбола вирусын жұқтырған 28 600 адамның 11 300-і қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар