Эбола індетімен күреске АҚШ әскер аттандыра алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Президенті Барак Обама Эбола індетімен күресте Батыс Африка елдеріне көмек көрсету үшін АҚШ әскер жібере алатынын мәлімдеді, деп хабарлады ВВС.

Эбола індетімен күреске АҚШ әскер аттандыра алады

Барак Обама БАҚ-қа берген сұхбатында Африкаға жан-жақтан баратын дәрігерлердің қауіпсіздігі үшін және медициналық оқшаулау орталықтарында құрылғыларды орнатып, көмектесу жағынан қысқа мерзімге әскерилерді аттандыруға болатынын айтты.

Оның мәлімдеуінше, бұл індеттің бүкіл Африкаға одан әрі әлемге тарап кетпеу үшін әскерилердің көмегі қажет.

жағажай
Ұқсас жаңалықтар

Алматыда суға түсуге тыйым салынған су айдындары аталды