Эбола індетіне қарсы вакцина әсері 100 пайыз оң нәтиже берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамзат баласы үшін аса қауіпті Эбола індетіне қарсы сынақтан өткен вакцинаның нәтижесі 100 пайыз сәтті шықты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп жазады «Хабар 24».
None
None

Екпе ауру өте көп тараған үш елдің бірі саналатын Гвинеяның 6 мыңға жуық тұрғынына салынған. Сынақ қорытындысы бойынша, олардың бірде-бірінен індет белгілері табылмады. Ал екпе салынбағандардың арасынан 23 адам вирусты жұқтырғаны белгілі болды.

Эбола індетіне қарсы вакцинаны Канаданың денсаулық сақтау министрлігі ойлап тапқан.

Айта кеткен жөн, Эбола індетін жұқтырғандар әсіресе Батыс Африка елдерінде жиі кездеседі. 2013 пен 2016 жалдар аралығында осы дерт кесірінен 11 мыңнан астам адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар