Эбола: Сьерра-Леоне вице-президенті карантинде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьерра-Леоне вице-президенті Сэмюэл Сэм-Сумана оққағарларының бірі Эбола індетінен көз жұмғаннан кейін өзі-өзі карантинге салды, деп хабарлады Би-би-си.
Сэм-Сумана 21 күн бойы басқа адамдармен қатынасудан бас тартуды жоспарлауда.
Ал Сьерра-Леоне билігі Эбола індетіне ұшыраған адамдардың артуынан тағы да бірқатар шектеу шараларын енгізді.
Осындай шаралардың арасында - мұқият дәрігерлік қаралудан өту және таксиді пайдаланатын адамдар санын шектеулер бар.
Сьерра-Леонеде Эбола індетіне ұшырған адамдар саны 11 мыңға жетті. 3,4 мың адам қайтыс болды.