Эбола вирусы: ДСҰ шекараларға бақылау енгізуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола безгегі тіркелген елдерде әуежайларда, теңіз порттарында және халықаралық магистральдарда медициналық бақылау енгізуге шақырды.

 Эбола вирусы: ДСҰ шекараларға бақылау енгізуге шақырды

Ұйымда ауру белгісі бар кез келген жолаушы дәрігер бақылауында немесе басқаларға қауіп төндірмейтіндей жағдайда болмаса, көлікке жіберілмеуі тиіс.

Бұл ретте БҰҰ-да ұшақта өлімге әкелетін вирусты жұқтыру тәуекелі төмен. Сондықтан онда көліктік немесе сауда-саттық бақылаудың қосымша шараларын енгізу қажеттілігі жоқ.

Эбола безгегі індетті жұқтырған адамнан қан немесе басқа да сұйықтық арқылы таралады.

Эбола безгегі ақпанда пайда болды. Кейбір хабарламалар бойынша құрбандар саны 1069-ға жеткен.