Эбола вирусының пішіні түріндегі ойыншықтарды америкалықтар көптеп сатып алуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Giant Microbes компаниясы Эбола вирусының формасындағы жұмсақ ойыншықтарды саудаға шығарды, деп жазады The Independent.

Эбола вирусының пішіні түріндегі ойыншықтарды америкалықтар көптеп сатып алуда

Компаниядағылар адамдардың Эбола безгегі туралы ақпаратты көбірек білуге деген талпыныстарын ескеріп, осы ойды жүзеге асырған.

«1976 жылы белгілі болған уақытынан бері Эбола микробтардың арасында «тираннозаврға» айналды (the T. Rex of microbes)», - деп көрсетілген хабарламада.

Айта кетейік, Giant Microbes компаниясы бактериялар, микробтар мен жасушалар формасындағы жұмсақ ойыншықтарды шығарады.