Эбола жұқтырған 100 адам арнайы орынға орналастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьерра-Леонеде Эбола індетін жұқтырған адамның қазасынан кейін ел билігі онымен байланысқа түскен 100-ден астам адамды арнайы орынға орналастырды, деп жазады khabar.kz.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі қазір олардың жай-күйін тексеріп жатыр. Дәрігерлер марқұммен жақын байланыста болған 30 адамды анықтағанымен, олардың 28-і ғана бақылауға алынған. Ал қалғандары табылар емес.
Айта кетейік, Эбола індеті 2014 жылы Гвинеяда тіркеліп, ізінше көршілес Сьерра-Леоне мен Либерияға да таралған. Осының салдарынан аталған 3 мемлекетте қауіпті вирус 11 мыңнан астам адамның өмірін жалмады.