Эболаға байланысты көрші елдер Гвинеяны сатып кетті - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гвинея президенті Эбола індетіне байланысты өз елін оқшаулап тастаған, өзге де Батыс Африка елдерін сынға алды.

Эболаға байланысты көрші елдер Гвинеяны сатып кетті - БАҚ

Альфа Конде ВВС-ға берген сұхбатында экономикалық жағынан әріптес Батыс Африканың көрші бірнеше мемлекетінің Гвинеямен шекараны жауып тастағанын «сатқындық» деп бағалады.

Гвинея президенті Эболамен күресте күш біріктіріп жатқан халықаралық қауымдастықтың әрекетіне қолдау білдірегенімен, індет елдің экономикасына орасан зор залал тигізгенін атап өтті.