Эболаның Еуропадағы алғашқы құрбаны испандық дін қызметшісі болды

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Испаниядан миссионер Мигель Пахарес Мадрид ауруханасында Эбола безгегінен қайтыс болды. 75 жасар дін қызметкері індетті Либерияда жұқтырған, емделу үшін еліне жеткізілген оған қажетті экспериментальдық дәріні берілген, алайда шипа қонбай ол өмірмен қош айтысты, деп хабарлады Би-би-си.

Эболаның Еуропадағы алғашқы құрбаны испандық дін қызметшісі болды

Пахарес Либерия астанасы Монровияда Әулие Иосиф ауруханасында католик шіркеуінде аясында дін тарату қызметімен айналысқан.

9 тамыз, сенбі күні осы ауруханада жұмыс істейтін конголық медбике қаза тапты, ал бұдан бір күн бұрын медицина мекемесінің басшысы Патрик Ншамдзе көз жұмған болатын.

Женевада арнайы отырыста сарапшылар әлі қолданылмаған ZMapp экспериментальдық препаратын қолдануды мақұлдаған, бұл дәрі испандық дін қызметшісіне өлер алдында бірнеше күн бойы беріліп келген.

АҚШ қарулы күштерінің қаржылық қолдауымен ZMapp препараты АҚШ Канада зертханаларында соңғы 10 жыл бойында әзірленген. Препараттың тиімділігі туралы сенімді ақпараттар жоқ.