ЕЦ-166/10 мекемесіндегі орта мектептің базасында Қазақстанда тұңғыш рет адам құқықтары жөніндегі сынып ашылды

АСТАНА.  Желтоқсанның  11-і. ҚазАқпарат -   ЕЦ-166/10 мекемесіндегі   орта мектептің  базасында Қазақстанда  тұңғыш рет    адам  құқықтары  жөніндегі сынып  ашылды. 

ЕЦ-166/10  мекемесіндегі  орта мектептің  базасында Қазақстанда тұңғыш рет адам құқықтары  жөніндегі  сынып ашылды

Бейсенбі күні  болған бұл   шара туралы      Қазақстанның   Адам  құқықтары  және  заңдылықтардың сақталуы  жөніндегі  халықаралық  бюросының филиалынан   хабарлады.

Түзету мекемелерінде  жазаларын өтеп жатқан    тұлғалар      құқық пен бостандықты  қорғау     саласындағы     ең  осал     халық санатына  кіретіндер,  деп  атап көрсетіледі    бюроның  хабарламасында.

Жаңа сыныптың ашылуы    сотталушылардың  адам құқықтары саласындағы  білімдерін  көтеруге  сеп болады.  Сонымен  қатар, сотталушыларға   мемлекеттік органдарға,  БҰҰ-ның Адам құқықтары  жөніндегі комитетіне   арыз-шағымдар    жазуға  көмек көрсетіледі.