ЕДБ Ықпалдастықты зерттеу орталығы Украинаның Кеден одағы мен БЭК-ке ықпалдастығының келешегін зерттейді
АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразия даму банкінің Ықпалдастықты зертеу орталығы Украинаның ЕурАзЭҚ аясында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерімен терең экономикалық ықпалдастығының макроэкономикалық әсерін зерттейтін болды.
Бұл туралы халықаралық қаржы институтының баспасөз қызметі бүгін хабарлама таратты. Оған қарағанда, бұл жұмысты Ықпалдастықты зерттеу орталығы Ресей ғылым академиясының Халық шаруашылығын болжау институты мен Украина ұлттық ғылым академиясының Экономика және болжау институтымен бірлесіп жүзеге асырмақ. Мақсат - Украинаның ықпалдастық байланыстарының қазіргі жай-күйі мен даму келешегін анықтау. Ықпалдастық үдерістерінің барынша тиімді пішіндері даму бағыттарын белгілеу. Алдын ала жасалған талдауға қарағанда Украинаның Кеден одағына кіруінің әлеуетті экономикалық әсері ондағы елдердің төлем балансын жылына 6-9 миллиард долларға ұлғайтпақ.