Эдди Хирн: «Головкин - Брук айқасы 2016 жылғы жекпе жектердің ең мықтысы болмақ»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Келл Бруктың промоутері Эдди Хирн алдағы қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын айқас жайлы ky Sports-қа берген сұхбатында өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

"Менің бұл суперайқас туралы қалай қуанғанымды  айтуға тіпті сөзім жетпейді. Мен ешқашан мұндай бақытқа бөленген емеспін және Келли үшін де қуаныш сезіміне бөлендім. Біз көптен бері атағы жер жарған қарсыласты күткен едік. Міне енді мақсатымызға жеттік. Анықтап айтқанда, бұл 2016 жылғы жекпе-жектердің ең мықтысы болмақ",- деп мәлім етті Хирн.

Головкин - Брук айқасы 10 қыркүйекте Лондонның О2 аренасында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар