Эдди Хирн: Головкин келесі жылы Альвареспен айқасуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал промоутер Эдди Хирн Головкин-Альварес үшінші жекпе-жегін ұйымдастыруға үмітте екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат boxingscene-қа сілтеме жасап.

Эдди Хирн: Головкин келесі жылы Альвареспен айқасуы ықтимал

Эдди Хирннің айтуынша, Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стримингтік қызметімен келісімге келсе, Сауль Альвареспен (50-1-2, 34КО)  үшінші айқасқа шыға алады.

«Егер Головкин үшінші жекпе-жекті қаласа, онда DAZN-мен келісімшартқа отыруы керек. Жақында, Альварес бізбен алдағы 11 кездесуге келісім жасасты. Головкин жанкүйерлердің құрметіне лайық боксшы, өзі екінші жекпе-жекте жеңіске жеттім деп санайды. Менің ойымша, ол DAZN-мен келісім жасасып, келер жылы наурыз-мамыр айында Алвареспен жұдырықтасуы керек. Себебі, бұл екі боксшы үшін өте маңызды, мен оның болғанын қалаймын»,- деді Эдди Хирн.

Айта кетейік, HBO телеарнасымен келісімшарты аяқталғаннан кейін Алварес DAZN стримингтік қызметімен жалпы құны 365 миллион долларға жететін келісім жасады. Ал қазақстандық боксшыға Showtime және ESPN телеарналары қызығушылық танытып отыр.