16:54, 07 Маусым 2016 | GMT +5
Эдди Хирн: Головкин - Юбэнк жекпе-жегі қыркүйекте немесе қазан айының басында болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Эдди Хирн iFL TV берген сұхбатында өзінің боксшысы кіші Крис Юбэнк Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін екенін растады, деп хабарлады Sports.kz.

«Иә, біз жекпе-жекті қыркүйекте немесе қазан айының басында өткізу бойынша келіссөздер жүргіздік. Мұндай айқасты стадионда да өткізуге болады. Оның (Головкиннің) бірнеше әлеуетті қарсыласы бар: Билли Джо Сондерс, Юбэнк - қаржы жағынан пайдалырақ... ол Канеломен кездесуі мүмкін, мұны қалайды да, алайда бұл жекпе-жек болады деп ойламаймын. Ол АҚШ-та күш сынасуы мүмкін. Алайда жуырда айтылғандай, Ұлыбританияда жақсы табысқа қол жеткізуге болады. Дегенмен, біздің тараптан ғана көп ақша болатын сыңайлы», - деді ол.