«Единая Россия» Путинді президенттікке ұсынды

27 қарашада алғашқы болып режиссер Станислав Говорухин сөз алды. Ол тарихи мысалдар келтіре отырып, елге күшті көшбасшы қажет екеніндігін атап көрсетті және президент лауазымына Путиннің кандидатурасын ұсынды. Говорухиннен кейін бірнеше адам сөз сөйледі, содан кейін «Единая Россия» Жоғарғы кеңесінің басшысы Борис Грызлов РФ президенті Дмитрий Медведевке сөз берді.
Делегаттар алдында сөз сөйлеген Медведев ресейліктерді 4 желтоқсанда сайлауда «Единая Россия» үшін, ал одан кейін келесі жылы болатын президент сайлауында Владимир Путинге дауыс беруге шақырды. «Біздің бағдарламамыз және біздің болашағымыз үшін дауыс беріңіздер», - деді ол.
Бұдан кейін сөз алған Владимир Путин өзінің кандидатурасын ұсынғандарға алғысын білдірді және президенттікке түсуге ұсынысты қабылдайтынын айтты.
Путиннің сөзінен кейін единоростықтар оны президенттікке ұсынуға дауыс берді. Грызловтың хабарлауынша, барлығы 614 бюллетень таратылды (съезге осынша делегат қатысты). Шешім бірауыздан қабылданды.
Бұдан бұрын 24 қыркүйекте өткен «Единая Россия» съезінің бірінші кезеңінде мемлекеттің қазіргі басшысы Дмитрий Медведев Владимир Путинді РФ президенттігіне ұсынған болатын.