Эдинбургте осыдан 500 жыл бұрын дарға асылған теңіз қарақшысының сүйегі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эдинбургте көне бастауыш мектептің балаларға арналған ойын алаңын салып жатқан құрылысшылар адам қаңқасының үстінен шықты.
None
None

Ғалымдар сүйектерге 500 жыл болғанын анықтады, деп хабарлайды The Telegraph.

Оқиға орнына келген полицейлер, қаңқаны тексеріп, ешқандай қылмыстың ізін таппаған соң архелологтарды шақырған. Ғалымдар бұл сүйектерге кемінде 500 жыл болғандығын анықтады.

Тарихшылардың пайымдауынша, ол кезеңде бұл жерде кеме жөндейтін орын, ал оның аумағында дар ағашы болған. Шамасы, бұл ауыр қылмысы үшін дарға асылған теңіз қарақшысының сүйегі болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар