Еділ Жаңбыршин: Энергетика министрлігі аукционнан тыс келісімдермен әуеcтеніп барады

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Энергетика министрлігін аукционнан тыс тікелей үкіметаралық келісімдер жасауға әуестеніп кетті деп сынады.

Еділ Жаңбыршин
Фото: Мәжіліс

— Қазіргі таңда Энергетика министрлігі аукционнан тыс тікелей үкіметаралық келісімдер арқылы бірқатар жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру тәжірибесін жалғастырып отыр. Бұл келісімдерде жоғары тариф, артық преферециялар және басқа да тәуекелі жоғары нормалар көзделген. Жаңа айттым, қуаттылығы 1 ГВт жобаның аукционда анықталған тариф бағасы 18,72 теңге болса, осыған ұқсас келісім негізінде ратификацияланға жобалардың тарифі бұдан әлдеқайда жоғары бағамен іске асырылмақ. Бұл әдіс экономикалық тиімсіздікке, мемлекет қаржысының тиімсіз жұмсалуына, электр тарифтерінің өсуіне, жаңартылатын энергия көздеріне деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін, — деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ, депутат бұл келісімдердің тоқсаныншы жылдары мұнай алпауыттарымен жасалған өнім бөлісу келісімдеріне ұқсайтынын айтты. 

— Осыған ұқсас жағдай бізде бұдан бұрын мұнай-газ саласныда болған. 1990-2000 жылдары көмірсутек шикізаты бойынша өнімді бөілсу келісімдері туралы келісімдер шетелдік компанияларға шамадан тыс жеңілдіктер беріп, ел мүддесіне нұқсан келтірген. Сол қателіктерді электр энергиясы саласныда қайталамауымыз керек. Кез келген үкіметаралық келісім Мәжіліс қарауына тек ратификация сатысында ғана түседі. Келісімнің мазмұнына депутаттардың әсер ету мүмкіндігі жоқ. Жаңартылатын энергия көздерінің жобаларына арналған барлық шешімдер аукцион арқылы қабылдауға тиіс. Егер үкіметаралық келісім қажет болса, Мәжіліс пен сарапшылардың талқылауынан өту керек, — деді Еділ Жаңбыршин.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Мәжіліс «Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясының жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар