ЭДСМ 2012-2014 жылдары бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 2,5-тен 1,3 пайызға төмендетуді жоспарлайды
АНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі 2012-2014 жылдары бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 2,5-тен 1,3 пайызға төмендетуді жоспарладп отыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.
«Ал алдағы үш жылдық бюджетке келетін болсақ, 2012-2014 жылдары абсолюттік мәндегі бюджет тапшылығының 2012 жылы 676,9 млрд. теңгеден 2014 жылы 441,4 млрд. теңгеге дейін және жалпы ішкі өнімге қатысты тиісінше 2,5 пайыздан 1,3 пайызға дейін төмендеуі жоспарланып отыр», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, Ұлттық қордан шектелген 1,2 трлн. теңге кепілдендірілген трансферт кезінде жалпы тапшылықтың төмендеуіне қарай мұнай емес тапшылықтың жалпы ішкі өнімнен 4,8 пайызға төмендеуі көзделуде.
«Мемлекеттік шығыстар жалпы ішкі өнімнің 20-23 пайызы деңгейінде болжанып отыр», - деді Қ.Келімбетов.