07:29, 21 Ақпан 2016 | GMT +5
Эдуард Полетаев: Қазақстандағы сайлау үдерісінің алғашқы кезеңі ойдағыдай өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Менің пікірімше, сайлау үдерісінің алғашқы кезеңі өте сындарлы және жақсы өтті. «Мир Евразии» қоғамдық қорының директоры, саясаттанушы Эдуард Полетаев осындай пікірімен бөлісті.

«Менің пікірімше, сайлау үдерісінің алғашқы кезеңі өте сындарлы және жақсы өтті. Алты партия өздерінің съездерін өткізді, өз кандидаттарын ұсынды, партиялық тізімдер пайда болды. Сайлау науқандарын өткізуде мол тәжірибесі бар Орталық сайлау комиссиясы өзін жақсы жағынан көрсетті. «Бізге, қарапайым сайлаушыларға елдің париялық-саяси жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді әділ, жедел және қысқаша айтып берді», - деп атап өтті сарапшы.