Эдуард Шеварднадзе бар-жоғы 410 доллар зейнетақы алады
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Германияның экс-президенті Хорст Келердің зейнетақысы өте жоғары, айына 23 мың доллар алса,
Грузияның бұрынғы басшысы Эдуард Шеварднадзе бар-жоғы 410 доллар зейнетақыны місе тұтады. АҚШ Конгресінің зерттеу қызметінің мәліметі бойынша, былтыр сол елдің төрт экс-президентіне 3,7 млн доллардай қаржы жұмсалыпты. Жалпы, АҚШ-тың бұрынғы президенттері жылына 200 мың долларға жуық зейнетақы алады екен. Кіші Буштың жеке күзеті мен отбасына кем дегенде 1,3 млн доллар бөлініпті, деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы.