ЕЭАО кеңістігінде азаматтардың еркін жүруін жаңарту қажет – Александр Лукашенко

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде ұйымға мүше елдердің азаматтарының еркін жүруін жаңартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЕЭАО кеңістігінде азаматтардың еркін жүруін жаңарту қажет – Александр Лукашенко

«Өткен жылғы күрделі кезең экономикалық белсенділікті қолдаудың нақты ұлттық бірлескен іс-шараларын жүзеге асыру дағдарыс салдарын жуып-шаюға мүмкіндік беретіндігін байқатты. Сонымен бірге келешекте экономикалық өсім үшін құрылымдық өзгерістерге негіз қалайтындығын көрсетіп берді. Біздің Үкіметтеріміз одақ кеңістігінде азаматтардың еркін жүруін жаңарту бойынша бірлескен іс-қимылдың нақты алгоритмдерін келісетін уақыт жеткеніне сенімдімін. Әрине, коронавирустың жаңа таралу ошақтарын, өзге аурулардың таралуын шектеу үшін іс-шаралар қабылдау арқылы ғана», - деді Беларусь Президенті Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.