16:19, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
ЕЭК автомобиль тасымалдарын халықаралық реттеу саласына интеграцияланады
МӘСКЕУ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеуде Еуразия экономикалық комиссиясы мен Халықаралық автомобиль көлігі одағы (ХАКО) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа ЕЭК-ның энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа мүшесі (министр) Даниал Ахметов пен ХАКО бас хатшысы Мартин Мамри қол қойды.
Д.Ахметов ЕЭК мен ХАКО ортақ мүдделерінің өзектілігін атап өтті. Кеден одағына мүше мемлекеттердің көлік саясатының құрамдас бөлігі ретінде ЕЭК автомобиль көлігін дамыту саласында іс-қимылдарды жүзеге асыратыны атап өтілді.
Меморандумға қол қою халықаралық автомобиль тасымалдарын дамытуға және Еуропа мен Азия елдері кеңістігіндегі шекаралардан өту кезіндегі процедураларды жеңілдетуге септігін тигізетіні, сондай-ақ сауда және көліктік мүмкіндіктерді пайдалану үшін ең жақсы жағдайларды жасауға мүмкіндік беретіні хабарланады.