ЕЭК Кейінге қалдырылған тауарлардың кедендік құнын анықтау тетігін енгізу жөніндегі шешімді әзірлеуде

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия «Кейінге қалдырылған тауарлардың кедендік құнын анықтау рәсімдерін қолдану тәртібін бекіту туралы» ЕЭК Алқасы шешімінің жобасын әзірлеуде.
None
None

Комиссияда хабарланғандай, мұндай құжаттың қажеттігі толық ақпараттың болмауы салдарынан тауарлардың кедендік құнының нақты көлемін анықтау барысында қиын жағдайлардың болуына байланысты.

Мұндай жағдайлар кедендік бақылау деңгейі және тиімділігін төмендетпей, оны растаумен байланысты қосымша қаржылық шығынсыз әкелінетін тауарлармен жасалынатын келісімдер құны негізінде кедендік құнды анықтауға мүмкіндік беретін тетіктерді әзірлеуді талап етеді.

Жоба кедендік операциялар жасауды оңтайландыру және жеделдету, кедендік бақылау тиімділігін арттыру мақсатында әзірленеді және мағлұмдалушы тауарларға қатысты кейінге қалдырылған тауарлардың кедендік құнын анықтау тетігін енгізуді қарастырады, сондай-ақ мұндай тетік қолданылатын жағдайларды анықтайды.

Тауарлардың кедендік құнын анықтау кезінде туындайтын барынша күрделі мәселелердің бірі - мұндай сомалар туралы толық ақпарат болмаған жағдайда лицензиялық және басқа да ұқсас төлемдер сомаларының кедендік құнын тіркеуге алу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар