ЕЭК Қытай мен Украинадан әкелінетін бірқатар металл өнімдеріне антидемпингтік баж салығын енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО аумағында Қытай мен Украинадан әкелінетін кейбір металл өнімдері түрлеріне антидепингтік баж салығы салынатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Комиссияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 11 мамырда өткен отырыста Қытай мен Украинадан тасымалданатын кейбір металл өнімдері түрлеріне қатысты антидемпингтік шаралар қабылдау туралы шешім шығарды.
ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына Украинадан тасымалданатын болаттан жасалған бұрыштама өніміне 37,89 % көлемінде антидемпингтік баж белгіледі. Антидемпингтік баждың мерзімі төрт ай. Кедендік одақ елдері бұл шешімді орындауға міндетті.