ЕЭК министрі автокөлікпен қалай пайда табуға болатындығын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамқұл Жүнісов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің автомобиль компанияларын қытайлық жүктерді тасымалдауға тапсырыс алуға дайындалуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЕЭК министрі автокөлікпен қалай пайда табуға болатындығын түсіндірді

«ЕАЭО-да автомобиль көлігінің рөлі мүше мемлекеттер арасында, сондай-ақ ЕАЭО мен ЕО арасында байланысты қамтамасыз етумен шектелмейді. Болашақта Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолының экономикалық белдеуінің түйісуі аясында қытайлық жүктерге халықаралық автомобиль тасымалына сұраныс қарқынды түрде артуы мүмкін. Сондықтан біз осы жұмысқа дайын болуымыз керек»,- деді ол Астанада өтіп жатқан «Еуразиялық апталық» халықаралық форумында.

Оның сөзіне қарағанда, ЕАЭО жұмысы басталғалы автомобиль көлігімен жүк тасымалы 4 пайызға, ал жүк айналымы 7пайызға артты.

 «Осы орайда оңтайлы көрсеткіш биыл да байқалып отыр. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк тасымалы екі пайызға, ал тауар айналымы үш пайызға жоғарылады. Айта кетейік, автомобиль көлігі үлесіне тасымалдың жалпы көлемінде 82 пайызы тиесілі»,- деді Жүнісов.