ЕЭК: Ресейде шетелден тасымалданатын тауарларға баж салығы төмендетіледі

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия Ресейдің ДСҰ-ға қатысу міндеттемелерін орындау бойынша шетелден тасымалданатын тауарларға кедендік баж салығының мөлшерлемесін кезекті төмендетуді бекітті.

ЕЭК: Ресейде шетелден тасымалданатын тауарларға баж салығы төмендетіледі

ЕЭК хабарлағандай, көптеген тауарларға қатысты жаңа баж мөлшерлемесі 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

«Биылғы жылы шамамен барлығы 4800 тауарға баж салығы төмендетіледі, алайда олардың көпшілігіне шамамен 1-3 пайыз шегінде ғана азайтылады. Бұл ретте 1068 позиция үшін ресейлік міндеттемелерге сәйкес баж салығын соңғы рет азайту болып табылады. Алдын ала есептеулеріміз бойынша, соның нәтижесінде орташа салмақталған тариф мөлшері 7,8 пайыздан 7,1 пайызға дейін төмендейді», - деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.