ЕЭО елдерінен келетін 700 тонна сапасыз азық-түлік өнімі кері қайтарылды
Облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Берік Жарқынбековтың мәліметінше, 2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың қаңтарына дейін азық-түлік қауіпсіздігін бақылау және мониторинг жасау іс-шаралары өткен.
«Осыған сәйкес арнайы жедел топтар құрылып Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінетін тауарларға зертханалық бақылау жасалды. Мамандар 4 410 автокөлікті тексерді. Олардың 2 880-і азық-түлік, 678-і басқа өнімдерді тасыған. Тексеріс қорытындылары көрсеткендей құжатсыз келген 554 119 келі жеміс және кептірілген жеміс, көкөніс өнімдері, 60 215 келі жарма өнімдері, 58 100 келі кондитер, 7 148 келі ет және 16 583 келі басқа да өнімдер кері қайтарылды»,-деді спикер.
Берік Жарқынбековтың айтуынша, барлығы, 700 тонна азық-түлік өнімі кері қайтарылған.