EЭО елдерінде бензин бағасы өсті

Хитойда бензин ва дизель ёқилғиси нархи ошади
Фото: Синьхуа

2023 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бензин 7 пайызға, дизель отыны 9 пайызға, электр энергиясының тұтыну бағасы 0,3 пайызға өскен. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

2023 жылдың желтоқсан айындағы жылдық көрсеткіштерге сәйкес, EЭO-да автомобиль бензинінің бағасы 10,6 пайызға, дизель отынының бағасы 10,1 пайызға, электр энергиясының бағасы 10,2 пайызға қымбаттаған.

Олардың ішінде Армения бензин бағасының өсуі бойынша көш бастап тұр. Бұл елдегі бензин бағасы бір жылда 24,3 пайызға өсті. Қазақстанда бензин бағасы 13,7 пайызға, дизель отынының бағасы 15,2 пайызға қымбаттаған. Ресейде бұл көрсеткіш 10 пайызды құрайды.

ЕЭО деректері бойынша 2023 жылғы желтоқсанда бензиннің орташа бағасы мынадай болды (1 литрге):

Арменияда – $1,39;
Беларусьте – $0,73;
Қазақстанда – 0,44 доллар;
Қырғызстанда – 0,71 доллар;
Ресейде - 0,60 доллар.

Соңғы жаңалықтар