ЕЕСҚ елдерi мен Жаңа Зеландия Кедендiк Одақпен еркiн сауда аймағын құруға ниеттi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық еркін сауда қауымдастығы елдерi мен Жаңа Зеландия Кедендiк Одақпен еркiн сауда аймағын құруға ниеттi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi сыртқы сауда қызметiн дамыту департаментi директорының қызметiн атқарушы Әлия Әлiмбетова мәлiм еттi.
"Бүгiнгi таңда бiз Кедендiк Одақ елдерiмен бiрлесе отырып, Вьетнаммен, Жаңа Зеландиямен, ЕЕСҚ-ға мүше Швейцария, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн мемлекеттерiмен еркiн сауда аймағын құру бойынша жұмыстарды атқарудамыз", - деп атап өттi ол.
Экономика министрлiгiнiң хабарлауынша, Кедендiк Одақтың үшiншi бiр мемлекеттермен еркiн сауда қатынасын орнату Қазақстанның бәсекелестiк басымдықтарын одан әрi күшейте түспек. Сонымен қатар ол отандық және шетел кәсiпкерлерiнiң фармацевтика, өнеркәсiптiк инжиниринг саласында әрiптестiк жүргiзуге, сондай-ақ технология трансфертiне ықпал етедi.