Эфиопияда 46 адам қоқыс көшкінінің астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопия астанасы Аддис-Абеба маңында қоқыс тастайтын орыннан көшкін жүріп, кемінде 46 адам мерт болды. Бұл туралы 12 наурыз күні Associated Press хабарлады деп жазады lenta.ru .
None
None

Агенттіктің хабарлауынша, құрбан болғандардың басым бөлігі балалар мен әйелдер. Көшкіннің астында ондаған адамдар жатыр. Қайғылы жағдай болған жерде 150 адам болған, олардың 37-ін аршып алды. Құтқару жұмыстар әлі жүріп жатыр.

Қоқыс бетоннан салынған және уақытша дайындалған бірнеше тұрғын үйді басып қалды. Адамдар қоқыстың маңында онда өмір сүру арзан болған соң мекендеп келген. Сонымен қатар онда қоқыс жинап, нәпақасын тауып жүрген адамдар да тұрып жатқан.

Көшкіннің жүруіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Белгілісі бұл орынға қаладан 50 жылдан бері қоқыс тасталып келген. Соңғы уақытта бұл қалдықты пайдалану жұмыстары тоқтатылған. Билік өкілдері қазіргі осы маңда тұрып жатқандарды көшіруге күш салуда.

Соңғы жаңалықтар