Эфиопияда мемлекеттік емтихан кезінде әлеуметтік желілер шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопия үкіметі жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде ел аумағында әлеуметтік желілердің жұмысын шектеді, деп жазады AFP.
None
None

Жергілікті биліктің осыған қатысты арнайы құжатында «әлеуметтік желелдердің жұмысына тыйым салу емтиханды жеткілікті деңгейде өткізуге мүмкіндік береді» деп жазылған. Тыйым салынған желілер қатарында - Facebook, Twitter, Instagram және Viber бар. «Бұл уақытша шара, сәрсенбіге шейін ғана созылады. Ал, әлеуметтік желілер абитуренттерге кедергі жасайды», - деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз хатшысы Гетачью Реда.

БАҚ-тардың хабарлауынша,  сайттарды ресми түрде шектеу Эфиопияда бірінші рет болып отыр.

Еске сала кетсек, өткен аптада БҰҰ кеңесі интернетке тыйым салу адам құқығын бұзатынын мойындаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар