Эфиопиялық Гензебе Дибаба 1500 м қашықтыққа жүгіруден әлемдік рекордты жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопиялық Гензебе Дибаба Монакода (Франция) өтіп жатқан жеңіл атлетика бойынша «Гауһар лиганың» 10 кезеңінде 1500 м қашықтыққа жүгіруден әлемдік рекордты жаңартты.
None
None

Оның нәтижесі - 3 минут 50,07 секунд.

Осыған дейінгі рекордты 1993 жылы 11 қыркүйекте қытайлық Цюй Юнься (3.50,46) орнатқан болатын.

Екінші орынға голландиялық Сифан Хассан (3.56,05), үшінші орынға америкалық Шэннон Роубери (3.56,29) ие болды.

24 жастағы Дибаба - 1500 м (2012) және 3000 м (2014) қашықтықтарда жүгіруден екі мәрте әлем чемпионы. Ол үш дүркін олимпиада чемпионы Тирунеш Дибабаның туған сіңлісі және екі дүркін олимпиада чемпионы Дерарту Тулудың немере сіңлісі.

Соңғы жаңалықтар