Эфиопиялық желаяқ 26 жыл бұрын жасалған рекордты жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиофиялық желаяқ спортшы қыз Гензебе Дибаба жабық нысанда 1 миль қашықтыққа жүгіруден 26 жылдан бері өзгермей келе жатқан рекордты жаңартты. Оның көрсеткіші - 4 минут 13,31 секунд.
None
None

Дибаба бұл нәтижені Стокгольмдегі жарыста орнатты.

Ол 1990 жылғы румындық Дойна Мелинтенің көрсеткішін  (4.17,14.) жақсартты.

Дибаба 1500 метр қашықтыққа жүгіруден 2015 жылғы әлем чемпионы. Жабық нысанда ол 1500, 3000 және 5000 метрлік қашықтықтағы әлем рекордтарының иегері.

Соңғы жаңалықтар