Егде жастағы жандардың есте сақтау қабілетінің нашарлауы тіске де байланысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зерттеуге 60 және одан жоғары жастағы 3166 ерікті адам қатысты. Оның барысында ғалымдар қатысушылардың есте сақтау қабілеті мен қозғалыс жылдамдығын талдаудан өткізді.
Зерттеу қорытындылары барлық тістерінен айырылған адамдардың есте сақтау қабілеті тістері сақталғандарға қарағанда 10 пайызға нашар екенін көрсетті, деп хабарлайды Planet Today. Бұл ретте ғалымдар тістері жоқтардың есте сақтау қабілетінің төмендеуіне қоса, қимыл-қозғалысы да тістері барларға қарағанда 10 пайыз кем екенін атап өткен.
Зерттеушілер сондай-ақ, олардың әлеуметтік және демографиялық жағдайын, денсаулығын, темекі шегу, алкогольдік ішімдік ішу сияқты факторларды да ескерді. Теріс факторларға қарамастан тістері аз адамдар баяу қозғалатындығы, есте сақтау қабілеті нашар екендігі анықталды.