«Егемен Қазақстан» газеті жас журналистерге арнап бәйге жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» газеті жас журналистерге арнап арнайы бәйге жариялайды . Биылдан бастап дәстүрлі түрде жалғасатын бәйгеге мерзімді басылымдарда материалдарын жариялау арқылы 18-35 жас аралығындағы журналистер қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егемен Қазақстан» газеті жас журналистерге арнап бәйге жариялады

Жас журналистерге арналған конкурсқа қатысу ережесіне сәйкес, бәйгеге 18 бен 35 жас аралығындағы журналистер қатыса алады. Конкурстың тақырыбы жыл сайын өзгеріп тұрады және оны «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ редакция алқасы бекітеді. Конкурсқа келіп түскен материалдарды бағалау үшін арнайы комиссия құрылады.

«Биылғы «Егемен Қазақстан» газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы «Туған жер: көне тарихтың көмбесі» деген тақырып аясында жарияланған. Ол 3 номинация бойынша «Үздік танымдық материал», «Үздік журналистік зерттеу» және «Үздік фоторепортаж» үшін жарияланады. Үміткерлердің мақалалары туған жер, киелі орындар мен көрікті мекендер тақырыбын қамтып, тарихи-танымдық тұрғыдан жазылуы немесе өзекті мәселелерді қозғауы тиіс», - делінген конкурс туралы хабарламады. Үздік материал авторлары марапаттауға ұсынылады. Олардың әрқайсысына арнайы кәдесый және 200 000 (екі жүз мың) теңге ақшалай сыйлық тапсырылады. Қосымша ынталандыру сыйлығы Конкурстық комиссияның ұсынысымен тағайындалуы мүмкін. Конкурс жеңімпаздары журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталады.