«Егемен Қазақстан» газетінің ертеңгі және осыдан 10 жылдан кейінгі де жоспары біреу - ол елге қызмет ету - Сауытбек Абдрахманов

А. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Егемен Қазақстан» газетінің ертеңгі  және осыдан 10 жылдан кейінгі де жоспары біреу - ол елге қызмет ету. Бұл туралы бүгін Астанада «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның президенті Сауытбек Абдрахманов мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымын басылымның 90 жылдығымен құттықтап, аталған басылымға тиесілі жаңа ғимараттың ашылуы салтанатына қатысты.

«Егемен Қазақстан» газетінің ертеңгі де, бүрсүгінгі де, осыдан 10 жылдан кейінгі де жоспары біреу - ол елге қызмет ету. Бұл бағыттағы біздің  жұмысымызда жекелеген өзгерістер, түзетулер болуы мүмкін. Бірақ, газеттің жалпы бағыт-бағдары жөнінде Елбасы берген бағаға сүйенсек, халықтың таралымды көбейту бойынша берген бағасына қарасақ - газеттің бағыты дұрыс деп біз сеніммен айта аламыз», деді С. Абдрахманов.

 «Егемен Қазақстан» өзінің 90 жылдық торқалы тойын атап өтті. Бұл тойдың ерекше қадір-қасиеті газетіміздің мерейлі мерекесіне Мемлекетіміздің басшысы келіп, біздің жаңа ғимаратымызды ашып бергіндігі. Біз бұл тойға алдын ала, көптен ойластырып дайындалдық деп айта аламын», деді ол.

 С. Абдрахмановтың айтуынша, осы жаңа 8 қабатты ғимараттың жанында қазіргі кезде жас отбасыларға арналған жатақхана салынып жатыр. Бүгінде бұл құрылыс нысанының 2-3 айлық әрлеу жұмыстары ғана қалған.

 Бүгін Елбасы газет ұжымын 90 жылдықпен құттықтау аясында  «Арна Медиа» холдингі құрамына кіретін бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына сұхбат бергеніне тоқталған ол, «сұхбатта көптеген мәселелер қозғалды. Онда дәл қазір елді, қазақ қоғамын, зиялы қауымды толғандырып отырған өткір мәселелер қозғалды. Солардың барлығына Президент нақты тапсырмалар берді», деді.

Соңғы жаңалықтар