«Егемен Қазақстан» сайты 2017 жылдан бастап орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат таратпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат ««Егемен Қазақстан» сайты 2017 жылдан бастап орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат таратпақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мәлім етті.

«Егемен Қазақстан» сайты 2017 жылдан бастап орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат таратпақ

Д.Қыдырәлі қазіргі уақыт жедел ақпарат заманы болғандықтан, газеттің интернет-сайтын дамытуға да айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

«Осыған орай бірқатар жоспарымыз да бар. Атап айтсақ, сайттың көзі нашар көретіндерге арналған нұсқаларын ашу, аудио-видео қосымшаларын енгізу, мультимедиалық мүмкіндіктерін арттыру сынды жұмыстарды қолға алуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар басқарма төрағасы 2017 жылдан бастап сайттың орыс және ағылшын тілдірендегі нұсқасы іске қосылатындығын атап өтті.

«Оған дайындығымыз бар. Бұл бір жағынан ЭКСПО-ға біздің сыйымыз болмақ. Жалпы, жедел әрі сенімді ақпараттық порталға айналуды көздеп отырмыз», - деді Д.Қыдырәлі.