«Егемен Қазақстанның» 90 жылдық мерейтойының құрметіне К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында салтанатты концерт өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның  15-і.  ҚазАқпарат   - «Егемен Қазақстанның»  90 жылдық мерейтойына орай  К.Байсейітова атындағы   опера және   балет театрында  салтанатты концерт    өткізу  жоспарлануда.  

«Егемен Қазақстанның»  90 жылдық мерейтойының  құрметіне К.Байсейітова атындағы   опера және   балет театрында  салтанатты концерт    өтеді

Бұл туралы «Арна Медиа»    Ұлттық  ақпараттық  холдингінің  баспасөз қызметінен  хабарлады.

Ағымдағы  жылы    республикалық басылымның    ұжымы     жаңа ғимаратқа көшті.   Мерейтой  аясында   сондай-ақ Елбасының  қатысуымен    газеттің  жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы  жоспарлануда.

Тәуелсіздік  күні  «Егемен Қазақстан»  республикалық  газеті  туралы   «Ел газеті -«Егемен» деректі фильмі экранға    шығады.

 «Егемен Қазақстан»  республикалық  газеті -  еліміздегі   қазақ тілді ең  үлкен басылым.    Ол   күн  сайын 150 мың   данамен таратылады.   2008  жылдың  шілде айынан бастап «Егемен Қазақстан»  республикалық газеті»  акционерлік  қоғамы  «Арна Медиа»   Ұлттық  ақпараттық холдингінің  құрамына кірді.