Егемен мемлекеттердің ажырамас құқығы ретінде бейбіт ядролық бағдарламаларды дамыту - олардың жан-жақты дамуы үшін маңызды тезис - Жеңіс Жотабаев

СТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Известия» газетінде жарияланған «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» атты мақаласында көтерілген жаһандық әлемдегі ядролық қауіпсіздік мәселелері бүгінде аса өзекті және дер кезінде қозғалып отыр. Өйткені, әлемдік қоғамдастықтың ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі күш-жігері әлі де жеткіліксіз және адамзатты әскери ядролық апат қауіпсіздігінен кепілдендіруде онша тиімді емес.
None
None

Ұлттық ядролық орталықтың бас ғылыми қызметкері, ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Жотабаев осындай пікір білдірді.

Н.Ә.Назарбаевтың Ядролық қаруды таратпау жөнінде жалпыға ортақ горизонтальды және вертикальды жаңа әмбебап келісімді жасау және әскери мақсатта тұтандырушы материалдар өндірісіне тыйым салу туралы шартты тезірек қабылдау жөніндегі ұсныстары жан-жақты қолдауға лайық, деп атап өтті Ж.Жотабаев.

Егемен мемлекеттердің ажырамас құқығы ретінде бейбіт ядролық бағдарламаларды дамыту - олардың жан-жақты дамуы үшін маңызды тезис. Бұл орайда ядролық қарулары және ядролық арсеналы бар елдер ғана басым болмауы тиіс.

«Қазақстан ядролық қаруларды таратпау режімін дәйекті қолдаумен қатар экономиканы және халықтың игілігін арттыру үшін бейбіт мақсатта ғана атом энергиясын пайдалануды дамытуы тиіс

Н.Ә.Назарбаевтың осы мақалада қозғаған мәселелері және оның жаңа бастамаларын әлемдік қоғамдастық ой елегін өткізеді және Вашингтонда өтетін алдағы Жаһандық саммитте жан-жақты және терең талқыланады, бүкіл әлемде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нақты шешімдер қабылдауға жол ашады деп сенемін», деді Ж.Жотабаев өзінің түсіндірмесінде.

Соңғы жаңалықтар