Egemen Qazaqstan латын әліпбиіне көшуге дайын - Дархан Қыдырәлі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» газеті латын әліпбиіне көшуге дайын. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған басылымның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ел арасында таратуға үлес қосып, үлкен насихат жұмысын жүргізіп келеміз. Өздеріңіз білесіздер, 2 мыңнан астам материал жарық көрсе, соның жартысы латын әліпбиіне байланысты болды. Біз тек насихаттап қана қоймай, үлгі көрсету жөнінде шешім қабылдадық. Қазіргі кезде бағандарымыз латын әліпбиімен шығып отыр. Енді «Рухани жаңғыру» айдарымен шығатын тұтас бетті латын әліпбиімен бере бастаймыз. Ал ереже бекітілгеннен кейін газетті латын әліпбиіне толық көшіруге дайынбыз», - деді Дархан Қыдырәлі.

Оның айтуынша, газеттің сайты ағылшын, орыс тілдерінде қызмет көрсетеді. Бұған қоса, аудио нұсқасы да іске қосылған. Мұнан бөлек видео контентке де баса назар аударылып, биылдан бастап «Егемен ТВ» арнасы ашылды. Онда «Стадион», «Өрнек», «Экономика», «Білім», «Жастар» деп аталатын бағдарламалар бар. 

«Жалғасын табатын тағы бір жобамыз - «Егемен академия». Бірінші кезең өте сәтті аяқталды. Таңдаулы жастарымыз 14 арнайы дәрістен өтті. Екінші кезеңді қыркүйекте бастаймыз. Оған да жас тәлімгерлерді шақырамыз. Сонымен қатар, министрліктің тапсырмасымен әріптес ұжымдарды, өңірлік, облыстық, аудандық салалық басылымдардың басшылары мен тілшілерін «Егемен Қазақстанмен» тәжірибе алмасуға шақырған болатынбыз. Қыркүйек айында жобамыз басталады. Атап айтқанда, ертең Сыр бойынан қызылордалық әріптестеріміз келе жатыр. Ал 17 қыркүйек күні «Шығыс-ақпараттың» мамандары келеді. Осылайша бүкіл облыс, аудандардағы тілшілер, басшылар «Егемен Қазақстанмен» тәжірибе алмасады». - деді ол.

Дархан Қыдырәлі келесі жылы еліміздің бас басылымы 100 жылдық мерейтойын атап өтетінін жеткізді.

«Біз оған үлкен дайындықпен келеміз. Соның бірі -100 жылдық газет нұсқасын цифрлық жүйеге көшірдік. Бұл жұмыс аяқталды. Жақында біз оны өз сайтымызға орналастырамыз. Осы арқылы ел тарихының жылнамасы, шежіресі іспетті Егеменде жарық көрген материалдар оқырманға жол тартады», - деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram