«Egemen Qazaqstan» Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау құқығын иеленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғасырмен үндескен «Egemen Qazaqstan» басылымы Ақ­парат және қоғамдық даму министр­лігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялаудың эксклюзивті құқығын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Egemen Qazaqstan» Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау құқығын иеленді

«Project Syndicate авторларының қатарында әлемдік деңгейдегі сая­саткерлер, ғалымдар, зерттеушілер, бизнесмендер, 45 Нобель сыйлы­ғының лауреаты, 111 мемлекет басшысы бар. Жоба материалдары әлемнің 150 еліндегі 500-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Project Syndicate-те жарық көр­ген колумнистер мен сарап­шылардың ең таңдаулы мақалалары мен пікірлерін, са­раптамалары мен шолуларын қалың оқыр­манға қазақ тілінде ұсынатын бола­мыз. Бұл қадам еліміздегі медиа ке­ңіс­тіктің аясын кеңейтіп, жұртшылықтың сапалы ақпарат көздеріне деген қол­жетімділігін арттыра түсетіні сөзсіз.

Газеттің бүгін қолдарыңызға тиген санындағы арнаулы бетте мақа­ла­лардың алғашқы легі жарияланып отыр, деп жазады басылым.

Ұлыбританияның 1997-2007 жыл­дардағы премьер-министрі Тони Блэрдің Африкадағы ауыл шаруашылығына арналған мақаласында әлемдегі азық-түлік тап­шылығын болдырмас үшін «қара құр­лықтағы» осы саланы дамы­ту­дың маңызы туралы айтылады. Атал­ған мақала Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жол­дауында айтылған ауыл ша­руашылығын дамыту мәселесімен үндеседі. Ал коронавируспен күрес жөніндегі жарияланымда әлемді дүр сілкінткен індетпен тиімді күрес тәсілдері сөз болады», - деп жазады басылым.

Осы тақырыпқа арналған мақалаларды мына сілтемеден оқуға болады.