Егер егіншілік технологиясы сақталғанда, биылғы егін шығымды болуы мүмкін еді - А. Күрішбаев

ң 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  Егер егіншілік технологиясы сақталғанда, биылғы жылы егін шығымды болуы мүмкін еді. Бүгін Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде министр Ақылбек Күрішбаев осылай айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында биыл егіс алқаптары айтарлықтай, 1,5 млн. гектарға кеңейтілді. Қазіргі уақытта егістің жағдайы, тұтастай алғанда жақсы түсім алуға үміттендіреді. Сонымен бір мезгілде сараптама егер біз технологияны, әсіресе егістің оңтайлы мерзімін сақтағанымызда, биылғы жылдың егін шығымы көбірек болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр», деді алқада А. Күрішбаев.

Оның сөзіне қарағанда, қазір оңтайлы мерзімнен ерте себілген егіс нашар жағдайда қалып отыр. Бұл технологияны сақтау керектігінің айқын мысалы болып табылады.  «Егін жинау науқаны ауылшаруашылығындағы маңызды науқан болып табылады. Жылдың қорытындысы оның тиімділігі деңгейіне байланысты», деп атап өтті А. Күрішбаев.

Соңғы жаңалықтар