Егер электр энергиясын жеткізушілер инвестициялық міндеттемелерін орындамаса, онда оларға тарифті төмендетуге талап қойылады

Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталдағы он-лайн конференцияда Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов айтты.
Қазіргі кезде агенттік «Электр энергиясы туралы», «Инвестициялар туралы» «Табиғи монополиялар туралы» бірқатар заң жобаларын әзірлеуде. Онда электр энергиясын жеткізуші өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса тарифтерді төмендетуді қарастыратын нормалар ескерілген. Н. Алдабергеновтың сөзіне қарағанда, сонымен бірге инвестициялық міндеттерді орындау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу мәселесі төтесінен қойылып отыр.
Атап айтқанда, инвестициялық міндеттерде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен табиғи монополиялар субъектілері арасында келісімдер жасау қарастырылған. Осыған байланысты табиғи монополиялар субъектілеріне кәсіпорын мен жабдықтарды жаңғырту және қайта жөндеу міндеттері жүктеледі.