Егер Қытай қатыспаса, АҚШ климат бойынша жаңа келісімге қол қоймайды

ВАШИНГТОН. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – Кәсіпорындары атмосфераға көп көлемде зиянды газ шығарып отырған Қытай мен тағы да басқа ірі елдер қатыспаса, АҚШ климат бойынша жаңа келісімге қол қоймайды.
None
None
Бұл туралы климаттың жаһандық өзгеру мәселелері бойынша АҚШ-тың арнайы өкілі Тодд Стерн мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.Келесі аптада Стерн Ақ үй жанындағы ғылым жөніндегі кеңесші Джон Холдренмен және Энергетика министрінің көмекшісі Дэвид Сандалоумен бірге Қытайға аттанады. Бейжіңде олар климаттың жылынуымен байланысты мәселелер бойыша екі елдің арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жасауға ниетті. Журналистерге берген сұхбатында Стерн мырза, Қытай мен басқа да дамушы елдердің бұл келісімге қатысуы «өте маңызды» екенін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар