Егер өткен жылы ІЖӨ-нің өсу деңгейі 5 пайыз болса, оның 1,5 пайызы индустрияландыру бағдарламасының тиімділігі - Ә.Исекешев

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Егер өткен жылы ІЖӨ-нің өсу деңгейі 5 пайыз болса, оның 1,5 пайызы индустрияландыру бағдарламасының тиімділігі. «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осылай мәлім еткен.

Егер өткен жылы ІЖӨ-нің өсу деңгейі 5 пайыз болса, оның 1,5 пайызы индустрияландыру бағдарламасының тиімділігі - Ә.Исекешев

«Жаңа өндіріс орындарын құру мақсатында отандық және шетелдік инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізілді. Жоғарыда айтып өткенімдей, экономикамыздың құрылымдағы негізгі өзгерістерді ұзақ мерзімді болашақта көретін боламыз. Алайда, қазірдің өзінде біз атқарылған жұмыстың елеулі нәтижелерін көрудеміз. Біріншіден, 500-ден астам жаңа өндіріс орындары іске қосылды. Оның ішінде 100 кәсіпорын қайта жарақтандырылған кәсіпорындар болса, 400-ден астамы түбегейлі жаңа өндіріс орындары. Екінші - оның экономикалық тиімділігі. Егер өткен жылы ІЖӨ-нің өсу деңгейі 5 пайыз болса, оның 1,5 пайызы осы индустрияландыру бағдарламасының тиімділігі. Үшіншіден, бізде әрқашан мұнай-газ және тау-кен салалары әлеуетті болатын да, қайта өңдеу саласы артта қалатын. Міне, соңғы үш жыл бойы қайта өңдеу саласы алға шықты. Жалпы өсім 19 пайызды құрады», - деді ол.